Мобильное меню
2025 жылғы 7 сәуірде Корея Республикасының Инчхон сауда-өнеркәсіп палатасында (ИСӨП) Шин-Лайн қазақстандық компаниялар тобы мен Инчхон қаласы, Соггу ауданы кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы қатысқан іскерлік кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты — инвестициялар, сауда және тамақ өнеркәсібі саласындағы өндірістік кластерлерді құру арқылы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылау болды.
Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге ортақ қызығушылық танытып, мынадай бағыттар бойынша ықпалдастықты тереңдетуге ниет білдірді:
Кездесу өзара сенім мен сындарлы диалог рухында өтті және Инчхон мен Қазақстан арасындағы жаңа іскерлік мүмкіндіктерге жол ашты.