20 марта 2025
Қайырымдылық жоба: «Мейірім» орталығының балаларына арналған кітапхана

Қайырымдылық жоба: «Мейірім» орталығының балаларына арналған кітапхана

Ұлттық мерекеміз – Наурыз мейрамы қарсаңында «Мейірім» балаларды қолдау орталығында жаңа кітапхананың салтанатты ашылуы өтті. Кітапхана қорына 100 кітап тарту етілді. Бұл кітаптар балаларға білімнің қызықты әлемін ашуға, олардың дүниетанымын кеңейтуге және оқуға деген сүйіспеншілігін дамытуға көмектеседі.

Кітап оқу – тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, балаларды қоршаған әлемді тануға және жаңа жетістіктерге жетуге шабыттандыратынына шын жүректен сенеміз. Кітапхана ашу – тек кітап қорын толықтыру ғана емес, сонымен қатар балалардың дамуына ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Кітапхананың ашылуына орай орталықтың тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне арналған мерекелік дастарқан жайылды. Жылы шырайлы, мейірім мен қуанышқа толы бұл кеште қонақтарға дәстүр бойынша балмұздақ ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Компания әлеуметтік бастамаларды қолдауды жалғастыра отырып, жас ұрпақтың білімі мен дамуына өз үлесін қосуды мақсат етеді. Біз бірлескен күш-жігер арқылы балаларға жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашаққа жол ашамыз деп сенеміз.