09 июля 2025
Шин-Лайн зауытына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді

Шин-Лайн зауытына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді

Шин-Лайн зауытына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары — Жанболат Жөргенбаев, Жанарбек Әшімжанов пен Максим Рожин, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары мен Іле ауданының әкімі келді.

Қонақтар кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысып, цехтарды аралап, қызықтырған сұрақтарын қойып, өнім сапасының жоғары деңгейін атап өтті.

Сонымен қатар, зауыт қызметкерлерімен кездесу өтіп, тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер талқыланды. Мұндай ашық диалогтар — халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, ортақ шешім табуға ықпал ететін маңызды қадам.