Адам өмірі кейде бір минутқа байланысты. Алғашқы медициналық көмекті насихаттау аясында Heart Center Foundation қоры «Шин-Лайн» компаниясының қызметкерлеріне BLS (Basic Life Support) – өмірді сақтау негіздері бойынша оқыту курсын өткізді.

Оқыту барысында қатысушылар жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу тәсілдерін және жүрек соғысын қалпына келтіруге көмектесетін дефибрилляторды қолдануды үйренді.
Сонымен қатар, Heart Center Foundation қоры «Шин-Лайн» компаниясына дефибриллятор құрылғысын сыйға тартты. Бұл құрылғы қажет болған жағдайда өмірді құтқаруға мүмкіндік береді.

Компания Heart Center Foundation қорына маңызды білім мен алғашқы көмек мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.