
«Шин-Лайн» компаниясының өнімі Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған Республика күніне арналған салтанатты қабылдауда таныстырылды.
Іс-шара қонақтары компания шығаратын «Бахрома» және «Мишка на полюсе» балмұздақтарының кең ассортиментімен танысып, қазақстандық өнімнің жоғары сапасы мен ерекше дәмін жоғары бағалады.
Компания Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігіне көрсетілген сенім мен шақыру үшін алғыс білдіреді. Бұл шара отандық өнімдерді халықаралық деңгейде таныстыруға тамаша мүмкіндік болды.