Мобильное меню
Қаладағы экокампания аясында «Жауапты бизнес – көрікті қала» бастамасы жалғасуда. Бұл акция қаламызды абаттандыру мен тазалықты сақтауға бағытталған. Аталған бастамаға аудан кәсіпкерлері белсенді түрде атсалысып, жайлы қалалық орта қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.
Бұл игі істі «Шин-Лайн» компаниясы қолдады. Компания президенті, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Андрей Шин бастаған ұжым өздеріне қарасты аумақта ауқымды тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі. Сондай-ақ, акция барысында нысанға абаттандыру паспорты бекітіліп, аумақты таза ұстау жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелер бекітілді.
Біз қаламызға қамқорлық жасау – бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі деп санаймыз. Барша аудан кәсіпкерлерін осы бастамаға қосылуға және Алматының көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз. Бірге әрекет етсек, қаламызды одан әрі таза, көркем әрі жайлы ете аламыз!