Мобильное меню
Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды аралау мақсатында ұйымдастырылған сапар аясында «Шин-Лайн» зауытына Алматы облыстық мәслихатының депутаттары мен кәсіпкерлікті дамыту институтының өкілдері келді.
Делегация құрамында:
– Төлеубергенова Әсел – индустрия, инновациялар, туризм және шағын мен орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы;
– Саратов Айдар – осы комиссияның мүшесі;
– Ләззат Турлашов – экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі;
– Абляхат Балтаев – «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының директоры.
Сапар барысында қонақтар зауыттың негізгі өндірістік үдерістерімен, жұмыс істеп тұрған цехтармен және құрылыс жүріп жатқан нысандармен танысты. Ерекше назар технологиялық жабдықталу деңгейіне, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, кадрлық әлеуетке және экспорттық бағыттағы қызметке аударылды.
Кездесу аясында өңірдегі өңдеу өнеркәсібін дамыту перспективалары, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары және билік пен өндірістік кәсіпорындар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.
Мұндай кездесулер мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралдарын әзірлеуге, сондай-ақ Алматы облысының экономикасын дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруға серпін береді.