27 февраля 2025
Студенттерге арналған өндірістік экскурсия: «Шин-Лайн» компаниясына сапар

Студенттерге арналған өндірістік экскурсия: «Шин-Лайн» компаниясына сапар

«Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері студенттермен бірге еліміздегі жетекші өндіріс орындарының бірі – «Шин-Лайн» компаниясына танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында қатысушылар заманауи өндіріс процесімен танысып, балмұздақ және басқа да өнімдердің қалай жасалатынын өз көздерімен көрді.

Компания мамандары қонақтарды цехтармен, технологиялық жабдықтармен таныстырып, өндірістегі қауіпсіздік, сапа және инновациялар туралы толық ақпарат берді.

Сонымен қатар, студенттерге тәжірибелі мамандар өздерінің еңбек жолы мен жұмыс ерекшеліктері туралы айтып беріп, жастардың қойған сұрақтарына ашық әрі қызықты түрде жауап берді.

Мұндай тәжірибелік шаралар жастардың кәсіби бағдарын анықтауға көмектесіп, болашақта таңдайтын мамандықтарына қатысты нақты түсінік береді.