28 Желтоқсан 2023
1340 бала «Шин-Лайн» компаниялар тобынан жаңа жылдық сыйлықтар алды

1340 бала «Шин-Лайн» компаниялар тобынан жаңа жылдық сыйлықтар алды

Барлық балаларға қамқорлық пен ерекше назар қажет,ал жаңа жыл қарсаңында – балаларға қуаныш сыйлау маңызды. Жыл сайын компания көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ерекше балаларға қолдау көрсетеді.

«Құрметті балалар, Сіздерді осынау мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық тілеймін, жүздеріңізде әрқашан күлкі, ал жүректеріңізде қуаныш ұяласын!»- деді компаниялар тобының президенті Андрей Шин балаларға.

Тәтті сыйлықтары бар «Шин-Лайн» жүк көлігінің бағыты Алматы облысының «Солнышко» және «Ковчег» балалар үйлерін, SOS «Алматы балалар ауылын», Алматы облысы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ, «Іле жаны» облыстық қоғамдық қорын, Түрксіб ауданының психологиялық-педагогикалық кабинетін, Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталін, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3650 әскери бөлімін, Талғар ауданының Ibrahim Khall Allah мешітін қамтыды.