20 Қаңтар 2024
Алматыда «Шин-Лайн» фирмалық дүкені ашылды

Алматыда «Шин-Лайн» фирмалық дүкені ашылды

Фабрикадан тікелей жеткізілетін өнімдердің кең ассортименті Алматыда 20 қаңтардан бастап сатып алушыларға қолжетімді.
Сауда орталығына келушілер үшін дүкеннің  ашылуы күтпеген жаңалық әрі жағымды тосын сый болды. Осы күні әрбір сатып алушы аңызға айналған «Бомба» балмұздағын сыйлыққа алды, дәл осы балмұздақпен «Шин-Лайн» даңқы асқақтаған.
•⁠  ⁠Бүгінгі таңда «Шин-Лайн» балмұздағын Қазақстандағы әрбір екінші сатып алушы таңдайды, бұл белгілі бір жауапкершілікті жүктейді, – деп түсіндірді «Шин-Лайн» ЖШС Бас директоры Владимир Пак. – Балмұздақтан басқа, біз өз дүкенімізде жоғары сапалы шикізаттан жасалған сүт өнімдері мен мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіреміз және ұсынамыз. Сондықтан бізге сауда нүктелерінде өндіру, тасымалдау және түпкілікті сату кезінде компания өнімдерінің бүкіл қозғалыс жолында мұздатылған арнайы қажетті тізбекке кепілдік беру маңызды.
Дүкеннің ашылуы – бұл кәсіпорынның барлық өнімдерін бір жерде алғысы келетін және сол жерде пікір қалдырғысы келетін немесе жаңа өнімдердің дәмін татуға қатысқысы келетін тұтынушылардың сұраныстарына жауап болары анық.
Алматыдағы «Шин-Лайн» дүкені -«Шин-Лайн» балмұздағының, сүттің, сары майдың, сүзбе ірімшіктерінің, мұздатылған жартылай фабрикаттардың, қамырдың және тез дайындалатын кеспенің 100-ден астам атауының тоғысқан аралы, онда сатып алушылар өздері үшін ең тиімді  бағаға жаңа өнімдерді табады. Компанияның барлық жаңалықтары осы дүкенге бірінші кезекте жетеді.
Дүкеннің ашылу салтанатына балаларымен бірге келушілер көп болды, өйткені балмұздақ дүкені магнит сияқты кішкентай сатып алушыларды өзіне тартады. Оларға тек тәтті тағам ғана емес, сонымен қатар, бақытты болашақтың символы – әуе шары да сыйлыққа берілді.
Әрине, бұл күні сатушылар іс-шара қонақтарының: «Енді біз сіздерге үнемі келетін боламыз!» деген көзайым пікірлерін естігеніне қуанышты болды.