27 Сәуір 2023
Андрей Шин: Қазақстан халқы біртұтас

Андрей Шин: Қазақстан халқы біртұтас

«Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті делегат ретінде Астана қаласында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІІ сессиясына қатысты

Алматы корей ұлттық орталығының төрағасы, VIII шақырылған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин делегат ретінде 26-27 сәуірде Астанада «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» ұранымен өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІІ сессиясына қатысты.

Ауқымды іс – шара 1 мыңнан астам адамды жинады, оның ішінде Ассамблеяның мүшелері ғана емес, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес бірлестіктердің, дипломатиялық корпустың, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымның, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері бар.

Мемлекет басшысының ҚХА сессиясында сөйлеген сөзіне тәнті болдым. Қасым-Жомарт Кемелұлының ҚХА бірегей саяси институт екендігі туралы сөздері өте орынды. ҚХА әлемдік озық тәжірибеге сәйкес келетін парламенттік өкілдіктің жаңа құралдарын тапты. Бұл шындық. Сенаттың бес депутатын ҚХА ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Сондай-ақ, Ассамблеяның 12 мүшесі Ұлттық құрылтайдың құрамына кірді. Қоғаммен нақты байланыс орнайды.

Мемлекет басшысының «Бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын бәрі бірдей түсіне бермейді. Сондықтан кейде «Ассамблея қажет емес» деген асығыс пікірлер туындап жатады. Бірақ, шын мәнінде, Ассамблея біздің мемлекеттілігіміздің негізін қамтамасыз ететін басты институт», деп айтқан сөзін толықтай қуаттаймын.

ҚХА сессиясының делегаттары әлемдегі бұрын-соңды болмаған күрделі жағдай аясында Қазақстанға бейбітшілік пен келісімді сақтап қана қоймай, көпэтносты және көпконфессиялы қоғамда этносаралық қатынастардың қалай құрылуы керектігінің үлгісін көрсету маңызды екенін атап өтті.

– Қазақстан халқы біртұтас және ол көптеген этностардан тұрады, олардың әрқайсысы өзінше ерекше. Полиэтностықтың бұл қағидаты конституциялық нормаларда бекітілген, ал этносаралық қатынастар саласын үйлестіру институты Қазақстан халқы ассамблеясы саналады. Шетелдік сарапшылар мұндай модельдің көпэтносты мемлекеттегі артықшылықтарын бірнеше рет атап өтті, ал қазақстандық тәжірибенің өзі қоғамдағы тепе – теңдік пен тұрақтылықты сақтау құралы ретінде ҚХА-ның өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді, – деп атап өтті Андрей Шин.