29 Қараша 2023
Қазақстандық балмұздақ ішкі нарықтағы импортқа қатысты позициясын нығайтуда

Қазақстандық балмұздақ ішкі нарықтағы импортқа қатысты позициясын нығайтуда

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметтері бойынша отандық балмұздақ өндірушілер 2023 жылғы маусымды тарихи жетістікпен қорытындылады.

ҰСБ мәліметтеріне сай, 2023 жылдың мамырынан қыркүйегіне дейін, елде 46 мың тоннадан астам балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,6% – ға көп. Бүгінгі таңда нарықтағы отандық балмұздақтың үлесі 80% – дан асты.

«Егер 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте импорттық өнімдердің үлесі заттай түрде 21,7%—. құраса, бір жылдан кейін бұл үлес 18,8% – ға дейін қысқарды», – деді Дмитрий Докин нарықты талдауға арналған есебінде.

Қазақстандық нарыққа өнім жеткізушілер тізіміндегі дәстүрлі көшбасшы – Ресей, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте жөнелтілген өнімдердің тұрақты көлемі 5109 тоннаны, бір жылдан кейін – 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 5119 тоннаны құрады.

«Солтүстіктегі көршіміздің балмұздақтары Қазақстан тұтынушылары арасында үздік саналады, ал біз дайындаған екі бренд ресейлік балмұздақтың жергілікті нарыққа тереңдей енуіне, үстем болуына бағытталған тұрақты әрі агрессивті экспансияны барынша ауыздықтап отырады. Премиум сегментке біздің Bahroma бренді жауап береді, ал пломбир балмұздағы сегментінің таралуын тежеуге «Полюстегі аю» брендіміз сақадай сай тұр. Ресей Федерациясының өзінде біздің «Полюстегі аю» бөтен емес», – деді Дмитрий Докин.

Қырғызстан импорт көлемін 28% – ға ұлғайтты, ал Түркия керісінше 20.4% – ға қысқартты. 2023 жылы Қазақстан бұрын өнім жеткізбеген кейбір мемлекеттер үшін стартап болды. Литва, Иран, Өзбекстан, Венгрия, БАӘ Қазақстанға балмұздақ жеткізе бастады. Бас ньюсмейкер Беларусь мемлекеті, ол 2022-2023 жылдардағы қаңтар-қыркүйек кезеңдерімен салыстырғанда жеткізілім көлемін 9 есеге (54 тоннадан 476 тоннаға дейін) арттырды.

2022-2023 жылдардың қаңтар-қыркүйегінде қазақстандық балмұздақ нарығының сыйымдылығы 31.4% – ға өсті (38960 тоннадан 51193 тоннаға дейін). Егер 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте құндық мәнде импорттық өнімнің үлесіне қазақстандық нарықтың 34.9% – ы тиесілі болса, онда бір жылдан кейін бұл үлес айтарлықтай төмендеді (19.7% – ға дейін).

Қазақстанның балмұздақ нарығындағы негізгі ойыншылар

Бөлшек саудадағы үлес (%)

Euromonitor халықаралық зерттеу компаниясының мәліметінше, «Шин-Лайн» бір жыл ішінде нарықтағы үлесін 49% – дан жоғары арттырды. Компания бүгінде Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде балмұздақ өндіру бойынша №1 компания саналады. Ол жылына 21 мың тонна көлемінде 120-дан астам балмұздақ түрін шығарады.

«Шетелдіктердің» үлесі күн сайын қысқарып, ал орта және шағын жергілікті өндірушілер оның орнын тез толтыра алмаған тұста «Шин-Лайн» өз позициясын одан әрі нығайтты. Жергілікті өндіріс пен импорт арасындағы арақатынастың біріншісінің пайдасына өзгеру тенденциясы биылғы жылы бекітілді. 2023 жылдың тоғыз айында «Шин-Лайн» өзінің сатылымын тағы 22% – ға арттырды.

«Шин-Лайн» балмұздағын қазақстандық тоңазытқыштарда ғана емес, Орталық Азия мен Әзірбайжан елдерінің дүкендерінде де кездестіруге болады. Сондай-ақ, отандық өнім Қытай мен Моңғолияға жіберіледі. «Шин-Лайн» компаниясының экспорттық жеткізілімдерінің жаңа нарығында Грузия, Түрікменстан және Тәжікстан  мемлекеттері пайда болды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2023 жылы Қазақстан Республикасының балмұздақ экспорты 7,8% – ға ұлғайды және «Шин-Лайн» бұл динамиканы толықтай қамтамасыз етіп отыр.

Компания сарапшылары қазақстандықтар арасында ең танымал санат – шыныаяқтағы порциялы балмұздақ болып қала беретіндігін айтады. Бірақ бір жылдағы ең үлкен өсімді take-home санаты көрсетті, яғни үлкен пакеттердегі отбасылық форматтағы балмұздақ (0,5 және 1 кг брекеттер немесе шелектер). Euromonitor мәліметтері бойынша, 2023 жылы осы санаттағы бөлшек сауда құны бойынша 25% – ға өсті. Сарапшылардың айтуынша, бұл үлкен орау форматтарының экономикалық пайдасына байланысты болуы мүмкін.