29 Желтоқсан 2023
Көзқарас: «Шин-Лайн» Директорлар кеңесі төрағасының жыл қорытындысы туралы пікірі

Көзқарас: «Шин-Лайн» Директорлар кеңесі төрағасының жыл қорытындысы туралы пікірі

Қазақстандағы  «балмұздақ»  өндірісі үшін 2023 жыл қандай болды деген сұраққа Дмитрий Докин жауап берді.

3 сөзбен сипаттап беріңізші.

— Күрделі, нәтижелі, үміт-сенімге толы.

Жылдың ең маңызды шешімі.

—Қазақстан халқының «Жаңа Қазақстан» ұранымен алға жылжу туралы шешімі – Біз Қазақстанның жаңа және қуатты экономикасының құрылысына өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз.

2023 жылғы қандай оқиға сіздің компанияңызға ерекше әсер етті?

—Біз табиғаттан немесе шеттегі біреуден рақым күтпейміз – стратегиялық жоспарымызға сай алға дамимыз.

2023 жылы қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Оларды қалай жеңіп шықтыңыздар?

—Қиындықтарды жеңу – кез-келген бизнесте қатар жүретін күнделікті элементтер. Балмұздақ өндірісі үшін бұл табиғаттағы апаттар, кейбір серіктестердің тұрақсыздығы, бәсекелестердің әрекеттері және т.б. Біз балмұздақ бизнесінде бірінші жыл жүрген жоқпыз, уақытша қиындықтарды жеңуді үйрендік.

Сіз 2023 жылдың қандай жетістігімен мақтанасыз? 2023 жылы ең көңілсіз нәрсе не болды?

— Біз жаңа фабриканың бірінші кезегіндегі инновациялық өндірістік желілерді сынақтан өткіздік, роботтармен толық автоматтандырылған 22 800 паллет мұздатқыш қоймасын іске қосып жатырмыз. Ал көңілсіздік тудырғаны…. эмоционалды және әлеуметтік терминнің бір түрі десе де болады, әрине бұл жұмыс ортасында көп орын алмауға тиіс.

Биылғы жылы қандай жақсы жаңалыққа қол жеткіздіңіз?

—Біз экспорт нарығын кеңейтіп жатырмыз: биыл Грузия қосылып, Қытайға «қамбек» жасадық. Табалдырықта-тың әрі жаңа аумақтардың ашылуы кезек күтіп тұр.

2023 жылдың басында өзіңізге қандай кеңес берер едіңіз?

— Бізде кез-келген жылы, кез-келген айда бір ғана кеңес бар және ол самурай кодексіненалынған: «Маңызды істерге жеңіл әрі сенімді қарау керек». Осы ережені сақтаған заманауи менеджер қиын жағдайларға, жобаларға және шешімдерге қатысты алаңдаушылықтан аулақ болады.

Жаңа жылда қандай әрекеттерді қайталағыңыз келеді?

— Жаңадан сараланған өнімдерді шығару, нарықта жеңіске жету, өз тұтынушыларыңды қуанту және таң қалдыру.

2023 жылды қандай қаржылық жетістікпен аяқтадыңыз? Ол сіздің жоспарларыңызға сай ма, үміттеріңізді ақтай ма?

— 2023 жылы ақшаға бөлгенде сатылымымыз 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға және 2023 жылға жоспарланған мақсаттарымыздан 11% – ға өсті, бұл биылғы жылы сәл жоғарыкөтерілгенімізді көрсетеді.

Сіз 2024 жылдан не күтесіз? Қандай мақсаттар қоясыз?

— Біздің мақсатымыз бір-компанияны дамыту, сатуды арттыру, нарықты кеңейту. Біз жыл сайын кем дегенде 20%-ға өсуді жоспарлап отырмыз.

2024 жылы Қазақстанда сүт индустриясының дамуы қандай трендтерді айқындайтын болады?

— Қазақстанда сүт фермалары санының өсуі, сүт шикізаты бағасының тұрақтануы, бөлшек қаптамалардың азаюы, саланың шоғырлануы.

 Қазақстанның сүт экспортының келешегін қалай бағалайсыз?

—Экспорттық нарық әр түрлі: Моңғолияға біреуі, Қытайға – екіншісі, Кавказ елдеріне – үшінші, Беларуссияға – төртіншісі қажет. Мұны түсіну оңай емес болғандықтан, экспорттық нарықтарда әлі де «дем алуға» болады, өйткені бәрі «тек өз елінің нарығында танымал өнімін» сатуға тырысады, бірақ оларды экспорттық нарықтарда мүлдем күтпейді! Бұл ғылыми көзқарасты қажет ететін экспорттық нарықтар үшін өнімді таңдаудағы үлкен қажырлы еңбек.

2024 жылы сүт бизнесінің тиімділігін арттырудың қандай технологиялары негізгі деп санайсыз?

– Мал шаруашылығын автоматтандыру – фермерлердің өмір сүру деңгейінің өсуі көпшілікті қол еңбегінен алшақтатады, сүтті терең өңдеу-әзірге бұл технологиялар Қазақстанда жоқ және біз көптеген құнды ингредиенттерді желге ұшырып жатырмыз.