01 Сәуір 2023
Мектеп оқушыларына арманын орындауға көмектесу – бір бақыт

Мектеп оқушыларына арманын орындауға көмектесу – бір бақыт

Робототехникаға арналған STEM фестивалі 1 сәуірде «Шин-Лайн» компаниялар тобы қолдауымен Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде өтті


Мектептің AENTA робототехника командасы FIRST Championship Орталық Азия робототехника чемпионатында гран-при жеңіп алды,команда чемпионат тақырыбына сәйкес шартты түрде энергия өндіруге көмектесетін роботты өз бетінше жинады. Бұл үшін төрт ай қажет болған. Мектеп оқушыларының ендігі арманы- халықаралық байқауға қатысып, республикамызды АҚШ-қа таныстыру.
«Шин-Лайн» компаниясы фестивальдің буфетіне арналған балмұздақ сататын дүңгіршекті ұсынды. Балмұздақ басқа өнімдерге қарағанда ақыл-ой өнімділігін арттырып, позитивті көңіл-күйді сыйлайды!
Балалардың барлық балмұздақты сатуға шешім қабылдағаны және түскен қаражатты болашақ сапарды ұйымдастыруға бағыттағаны ерекше таң қалдырды. Олардың оқудағы табандылығы мен кәсіпкерлік қабылеті құрметке лайық.
Біз мектеп командасына жарқын жеңістер тілейміз! Ал оқушыларға зор табыс пен кәсіби мансапқа қол жеткізулерін тілейміз!
Бүгінде республиканың өнеркәсіптік нарығында инженерлік кадрлар жоғары сұранысқа ие, ал заманауи жабдықтар мамандардың жоғары біліктілігін талап етеді.
– Жас жеткіншектердің білім алуға деген ұмтылысын қолдай отырып, болашақта өнеркәсіптік әлеуетті дамытамыз деп үміттенеміз,-деді «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.