13 Ақпан 2023
«Шин-Лайнға» ҚР ұлттық экономика министрі келді

«Шин-Лайнға» ҚР ұлттық экономика министрі келді

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров «Шин-Лайн» қызметіне оң баға беріп, бүкіл ұжымға табыс тіледі.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров «Шин-Лайн» қызметіне оң баға беріп, бүкіл ұжымға табыс тіледі.

Министрмен кездесуде кәсіпорын басшылығы ЭҚЖЖ-ға (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) инвестициялық келісімшартты одан әрі жасасу үшін балмұздақ өндірісін енгізу туралы ұсыныспен жүгінді.

Компаниялар тобының президенті Андрей Шин жалпы құны 32,4 млрд теңгені құрайтын азық-түлік өнімдерін шығару бойынша салынып жатқан өндірістік кластерге экскурсия жүргізді. Қазіргі заманғы кешеннің бір бөлігі қуаттылығы жылына 63 000 тонна өнім өндіретін ТМД-дағы ең заманауи балмұздақ фабрикасы болмақ. Жұмыс орындарының саны өсіп, 2500 адамға жетеді.

Егер бүгінде кәсіпорын 18,5 мың тонна мұздатылған десерттерді шығарса, 20%-ға жуық экспорттаса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 мың тоннаға дейін өсуі тиіс және экспорт тиісінше 50%-ға жетеді.