14 Маусым 2023
«Шин-Лайн» балмұздақ экспортын ұлғайтады

«Шин-Лайн» балмұздақ экспортын ұлғайтады

Шетелдік нарықтарға негізгі экспорттаушы болып қала отырып, сала көшбасшысы мемлекеттер тізіміне Әзірбайжан мен Грузияны қосты.

Статистика деректері бойынша, Қазақстанның балмұздақ экспорты 2021 жылы 3,3 мың тоннадан 2022 жылы 5,05 мың тоннаға дейін өсті және 2023 жылдың үш айында оң динамиканы көрсетті, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% – ға жеткен.

2023 жылдың үш айында 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қырғызстанға (739,1 мың АҚШ доллары сомасында) және Өзбекстанға (399,3 мың АҚШ доллары самасында) жеткізілімдердің екі еседен астам өскенін ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте саланың көшбасшысы «Шин-Лайн» шетелдік нарықтарға балмұздақтың негізгі жеткізушісі болып қала береді – оның Өзбекстан нарығындағы қазақстандық өндірушілер арасындағы ең төменгі үлесі 60%, Ресей нарығында – 82,4%, Қырғызстан нарығында-96%, ал Тәжікстанда, Моңғолияда және Беларусьте қазақстандық балмұздақ тек «Шин-Лайн» брендімен ұсынылады. Биыл қазақстандық балмұздақ өндіруші өз өнімдерін жеткізетін елдердің тізімін Әзірбайжан мен Грузия толықтырды.

Экспорттың дамуы ұлттық өндірушілерге сату көлемін ұлғайтуға, ұлттық нарықтағы сұранысқа байланысты тәуекелдерді теңестіруге және сайып келгенде экспорттың өсуіне мүмкіндік береді, экспорттаушы компанияның стратегиясының жетілгендігін, оның басшылығының құзыреттілігін көрсетеді»,-дейді «Шин-Лайн» Директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин.