25 Қаңтар 2024
«Шин-Лайн» балмұздағы Halal стандарттарына сәйкес келеді: халықаралық сертификат алынды

«Шин-Лайн» балмұздағы Halal стандарттарына сәйкес келеді: халықаралық сертификат алынды

Қазақстандық «Шин-Лайн» балмұздағы және ол өндіретін барлық өнім Халал (Halal) талаптарына сәйкестігін растайтын халықаралық сертификатқа ие болды. «Шин-Лайн»-ныңбарлық өндірістік алаңдарын сертификаттауды растайтын GSO 2055.1:2015 халықаралық стандартына сай құжаттар алынды.

Сертификат өндірушіге бағалау объектілері «Халал» стандартының нормаларына және мұсылман дәстүрлеріне – түрі мен құрамы бойынша да, өндіріс технологиясы бойынша да толық сәйкес келген жағдайда ғана беріледі.

Компания бұл сертификатты өнімді ішкі нарықта сату тұрғысынан да, қазақстандық балмұздақты Азия мен Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына экспорттау үшін де, тіпті одан кең ауқымды қамту үшін де, өте маңызды деп санайды.

GSO 2055.1: 2015 стандартының сертификаттау әлемінде пайда болу тарихы өте қызықты. Бұл өндірушілердің сертификаттауға деген ұмтылысы үкіметтің немесе тұтынушылар қауымдастығының ресми талаптарына емес, өңір елдерінің жалпы салт-дәстүрлеріне байланысты болатын өте сирек жағдай. Халал өніміне қойылатын талаптардың, халықаралық деңгейде бекітілген бірыңғай ресми жиынтығының болмауына байланысты, ұлттық және өңірлік деңгейдегі ірі мұсылман бірлестіктері тамақ өнімдерін өндіру саласында өздерінің ерекше стандарттарын әзірлеген. GSO 2055.1:2015 бойынша Halal стандартын әзірлеуші – GCC (GSO)стандарттау ұйымы – штаб-пәтері Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында орналасқан.

Өндірушіге мұндай сертификат не береді? Бұл туралы айту маңызды, егер, мысалы, Қазақстанда, Өзбекстан, Ресейде және бұрынғы КСРО аймағының басқа елдерінде Халал сәйкестік сертификаты ерікті саналса, ал араб әлемі елдері үшін бұл міндетті. Өндірушінің GSO 2055.1:2015 стандарты бойынша Халал сертификатының болуы оған азық-түлік өнімдерін Парсы шығанағы елдеріне – Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Кувейтке еш қиындықсыз немесе шектеусіз экспорттауға мүмкіндік береді. «Шин-Лайн» осы өңірдегі елдерге балмұздақ экспорты компанияның экономикалық әлеуетін едәуір арттыратынын атап өтті.

«Шин-Лайн»-ға GSO 2055.1:2015 сертификатын берген сертификаттау жөніндегі орган – «Халал «Галфтик-МЦСиС». Бұл беделді халықаралық мекеме көптеген елдердің әртүрлі жеке және мемлекеттік органдарымен тығыз байланысқа ие. Ұйымның әртүрлі елдерге азық-түлік экспортымен жұмыс істейтін кәсіпорындарды «Халал» сертификаттауында бай тәжірибесі бар. Мысалы, Ресейде бұл процесс Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Ресейдің экспорттық орталығымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады.

Сертификаттау аудиті «Шин-Лайн»-да екі кезеңде өтті. Барлық өткізілген іс – шаралардың нәтижелері бойынша № RR-323М0060 Халал сертификаты шығарылды. Аудитке компанияның өндіріс, қойма, R&D, сатып алу, сапаны бақылау, әкімшілік сияқты әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Барлық қызметкерлерге маңызды аудиттен өту аса құнды тәжірибе саналады. Олар Халал талаптары бұзылған кезде туындауы мүмкін ықтимал қауіп пен өнім сапасына төнетін қауіптерді мұқият тексерген. Тіпті стандарт ережелерінен сәл ауытқу тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің күрделі мәселелеріне әкелуі мүмкін. Компания атап өткендей, «Шин-Лайн» ұжымы аудиттен өту кезінде баға жетпес тәжірибе жинаған, оны қызметкерлер кәсіби өсу ретінде қарастырады.

Тұтынушылардың кең ауқымы үшін Халал сертификаты бар тағамдардың құрамында зиянды заттар немесе ГМО жоқ жоғары сапалы және экологиялық таза өнім екендігі маңызды. Дәл осы себепті мұсылмандар да, мұсылман еместер де Халал талабына сай сертификатталған өнімдерді жиі таңдайды, өйткені олар табиғи өнім мен қауіпсіздік тұрғысында қатаң тексеруден өтеді.