27 Қазан 2023
«Шин-Лайн» командасы Mars-қа барды

«Шин-Лайн» командасы Mars-қа барды

«Шин-Лайн» компаниясы – Орталық Азия елдері ішіндегі негізгі серіктес-дистрибьютор ретінде пандемия басталғаннан бері Страсбургте (Франция) орналасқан балмұздақ фабрикасына шақыру алған алғашқы мекеме.

«Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы және президенті Андрей Шин бастаған команда Mars фабрикасына серіктестік сапармен барып қайтты.

«Шин-Лайн» басшысы Андрей Шин айтқандай, Mars балмұздақ фабрикасына шақыру алу қазақстандық өндіруші үшін аса маңызды жаңалық, дегенмен күтпеген тосын сый болғаны анық.

«Әрине, алған әсеріміз мол. Мұнда тек екі өндірістік желі бар, бірақ олардың жалпы тәуліктік өнімділігі 200 тоннаға немесе 5 миллион батончикке жетеді, яғни бұл әр сағат сайын бір желіде 100 мың балмұздақ өндіріледі деген сөз. Ассортименттің алуан түрлілігі, заманауи технологиялар, жоғары командалық мәдениет мұнда зерттеп-зерделеуге лайықты нәрселер көп болды. Сонымен қатар, біздің фабрикада еуропалық өндірушілер қолданатын көптеген озық шешімдер мен әдістер бұрыннан бар және кеңінен қолданылып келе жатқанын атап өткен жөн. Кездесулер өте пайдалы болды. Біз және француз әріптестеріміз ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын аштық»,-деп атап өтті «Шин-Лайн» басшысы.

«Шин-Лайнның» негізгі қызметкерлері француз мамандарымен бірлесіп өндіріс процесін зерттеді, сонымен қатар бөлшек сауда орындарына барды, еуропалық гипермаркеттерде, супермаркеттерде және жеке желілік сату орындарында Mars балмұздақ тарату моделімен танысты. Кездесулер мен консультациялар барысында компания өкілдері Еуропалық өндірушінің үздік кейстерін зерделеп, Mars компаниясының серіктестерінің жұмыс тәжірибесімен танысты, еуропалық балмұздақ нарығының үрдістеріне егжей-тегжейлі шолу жасады.

Mars балмұздағының «Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия» аймағы бойынша директоры Готье Гэ-мен, компанияның даму жөніндегі өңірлік директоры- Нэнси-Рита Ганмен, өңірдің балмұздақ жөніндегі бренд – менеджері Клара Лотцпен, сапа жөніндегі менеджер – Пегги Оливамен, сондай-ақ Орталық Азия, Кавказ елдері бойынша директоры Дмитрий Чернецкийменкездесулер өтті. Экскурсиялар мен кездесулердің аясында әртүрлі маркетингтік және технологиялық мәселелер талқыланды. Қазақстандық қонақтар Mars Wrigley компаниясының тарихы, балмұздақ өндірісінің басталуы, нарықты зерттеу, жаңа өнімдер мен серіктестермен жұмыс істеу принциптері туралы презентацияларды тамашалады, фабриканың жаңа өнімдерінсынап көрді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша «Шин-Лайн» компаниясы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққұрметіне ие болды. Осылайша «Шин-Лайн» компаниясы Қазақстанда және өңірде еуропалықтармен бірлескен жобаларды іске қосуға және болашаққа жоспар құруға дайын негізгі серіктес болуға мүмкіндік алды.

Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин еуропалық әріптестердің шақыруын өзара құрмет пен сенім ретінде қабылдауға болатындығын атап өтті.

«Мен бірнеше ресейлік компанияны білемін, олардың Mars компаниясының дистрибьюторы болғанына 20 жыл, тіпті 30 жыл өтті, алайда олар ешқашан бұл фабрикаға келіп көрмеген. Алған әсеріміз керемет. Масштаб пен өнімділік назарыңды еріксіз аударады. Орауыш роботтардың жанынан өтіп бара жатқанда, өндіріс желілерінен «мойын созатын» батончиктердің жаппай көшкіні «жұлдыздар соғысындағы» бітпейтін «самурайлардың» шайқасына ұқсайды», – деді «Шин-Лайн» балмұздақ дивизионының көшбасшысы.

Франциядағы фабрикада батончиктер ғана жасалады, ал пинттер, эскимолар мен рожкилерүшінші тараптағы өндірістерде дайындалады. Тек екі фабрикасымен ғана Mars Wrigley балмұздақ өндірушілерінің әлемдік рейтингінде алтыншы орында тұр.