12 Қыркүйек 2023
«Шин-Лайн» компаниясы Алматыдағы жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған  жаттығуларға қатысты

«Шин-Лайн» компаниясы Алматыдағы жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған жаттығуларға қатысты

«Жер-2023» командалық -штабтық оқу-жаттығулары шеңберінде «Шин-Лайн» ЖШС кәсіпорнында жер сілкінісі кезіндегі тактикалық-арнайы оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді.

Қаланың ТЖД бөлімшелерімен, құтқару қызметімен, СЭС-пен, патрульді-бекеттік қызметпен және жедел медициналық көмек қызметімен бірлесіп, күшті әсер ететін улы зат шығаратын аварияны жою бойынша басшылық пен жұмысшылардың іс-қимылдарының тізбесі пысықталды.


Нысандық құлақтандыру жүйесін іске қосу кезінде өндірістік балмұздақ цехының 50 жұмысшы ауысымы жедел тәртіппен газқағар алып, кейіннен кәсіпорын шегінен тыс жерге ауыстыра отырып, ТЖ кезінде жинау орнына эвакуацияланды. Шартты жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндіру қызметі аммиак бұлтын оқшаулау үшін су пердесін қолданды. Ағып кетуді жою және ауаның жай-күйін бақылау бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін оқу-жаттығу қорытындыларын шығару үшін қатысушыларға жалпы ақпарат берілді.


Владимир Пак, «Шин-Лайн»ЖШС Бас директоры:
«Зауыт стратегиялық нысан саналады. Осыған байланысты біздің кәсіпорында авариялық-құтқару қызметтерінің жұмысы ұйымдастырылды. Қауіпсіздік біз үшін басымдық саналады, сондықтан кәсіпорын аумағында әрқашан жауынгерлік дайындықта болатын мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметін тұрақты орналастыру үшін жағдай жасау да маңызды болды».