01 Желтоқсан 2022
«Шин-Лайн» мешітті қайта құруға үлес қосты

«Шин-Лайн» мешітті қайта құруға үлес қосты

«Хайр Ихсан» мешітінің салтанатты ашылуы Байсерке ауылында өтті.

Мешіттер – бұл мұсылмандар өмірінің орталықтары, Қазақстандағы діндарлардың көлемі бойынша ең көп құрайтыны – мұсылмандар. Көптеген ғасырлар бойы мешіттер өз құндылығын немесе маңызын жоғалтқан жоқ, керісінше, олар күн сайын діншілдерге, көбіне жастарға толып келеді.

Компаниядағылар мешітке көмектесу арқылы жергілікті тұрғындарға көмектесеміз деп санайды, оның қызметкерлері Байсерке мен аймақтағы қоғамның бөлігі болып табылады. Мешіттер мұқтаж тұрғындарға моральдық қолдау мен қайырымдылық көмек көрсетудің алғашқы орталықтары болып табылады.

«20 жыл бұрын салынған мешіт бастапқыда үлкен болған жоқ, көлемі 15х10 болған. Бірақ жылдан жылға мұсылмандар қауымы кеңейіп, мешіт келуге ниет білдірушілердің бәрін сыйдыра алмады. Сондықтан, 2022 жылдың 2 сәуірінде мешітті кеңейту үшін қайта құруды бастау туралы шешім қабылданды. Тұрғындарға, кәсіпорындарға, бизнеске – ортақ іске қолдан келерлік үлес қоса алатын барлық адамдарға жүгіндік. Олардың қатарында біздің өтінішімізге жауап берген «Шин-Лайн» компаниясы да болды. Осы компанияға және барша көмектескен азаматтардың барлығына үлкен алғысымызды айтамыз, Алла оларға разы болып, адамдар үшін, барлық қазақстандықтар үшін жасалатын игі істерде жар болсын!»,- деп атап өтті «Хайр Исхан» мешітінің бас имамы Ерқанат Серік ұлы.

Іс-шараға Байсерке ауылдық округінің әкімі Тілеукен Көпбаева, Іле ауданының құрметті азаматы, «Қазақстанның 40 жылдығы» колхозының бұрынғы басшысы Сәкен Худобергенов, Іле ауданының бас имамы Дархан қатысты. Олар ауылдың барлық мұсылмандары үшін іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Батаны Байсеркенің ең қарт тұрғыны 95 жастағы Рахымжан ата берді. Символдық лентаны кескеннен кейін намаз оқитын залға өтіп, құрылысқа қатысқандардың және қайта құруға көмектескендердің барлығын марапаттау рәсімі өтті.

Байсерке ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы және «Хайр Исхан» мешітінің кеңес төрағасының көмекшісі Сайран Баданов мешітті қайта құруға көрсеткен көмегі үшін барлық байсеркеліктерге, аудан тұрғындарына, жастарға, ақсақалдарға, кәсіпорындар мен «Шин-Лайн» компаниясына алғысын білдірді.

Жоспарда абаттандыру, көгалдандыру, қосымша корпустар салу, мешіт порталы мен мұнараларын қаптау бойынша көптеген жұмыстар бар. Адамдар мешітке келіп жүру үшін құрылыстың толық аяқталуын күтпей ашуды шештік.