13 Сәуір 2024
«Шин-Лайн» «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірді

«Шин-Лайн» «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірді

Компаниямыздың 200-ден астам қызметкері республикалық экологиялық акцияға қатысты.

«Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз, өйткені кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорын қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді. Сондықтан біз Іле ауданының Байсерке ауылында салынып жатқан «Шин-Лайн» фабрикасына іргелес аумақты тазалап, көгалдандырып қана қоймай, абаттандырдық. Электрлендіру желілері жүргізілді, жарықтандыру шамдары монтажы,сонымен бірге қоғамдық көлікті тоқтату жұмыстары аяқталды, жақын маңдағы бұрын реттелмеген қиылыста бағдаршам орнатылды. Біз бұл аумақты аудан тұрғындарына қауіпсіз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз»,-деді «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.

Компания қызметкерлері тас жол бойындағы барлық іргелес жерлерді қоқыстан тазартып, әртүрлі ағаштар мен бұталардың 350-ден астам көшетін отырғызды.