05 Қыркүйек 2023
«Шин-Лайн» өз өнімдерін Мемлекет басшысына таныстырды 

«Шин-Лайн» өз өнімдерін Мемлекет басшысына таныстырды 

Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тауар өндірушілердің көрмесіне барды.
«Ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологияларды енгізу, экологиялық таза өнім шығару маңызды», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Компанияның негізін қалаушы және басшысы Андрей Шин Мемлекет басшысына «Шин-Лайн» өнімдерін жеке таныстырып, ТМД және Орталық Азия елдеріндегі ірі балмұздақ фабрикасының құрылымы туралы айтып берді.


Көрмеге 20-дан астам қазақстандық тауар өндірушілердің, соның ішінде «Шин-Лайн» ЖШС, Dinara Group агрохолдингі, «Дәулет-Бекет» ЖШС, «Алтын Таға ӨК» ЖШС, «Фирма-Бент» ЖШС, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС және т. б. ірі компаниялардың өнімдері ұсынылды.