09 Ақпан 2024
«Шин-Лайнда» Оңтүстік Кореяның Хёндэ клиникасының медициналық пункті ашылады

«Шин-Лайнда» Оңтүстік Кореяның Хёндэ клиникасының медициналық пункті ашылады

Келісім, атап айтқанда, «Шин-Лайн» компаниялар тобының, оның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі ең ірі балмұздақ фабрикасының қызметкерлеріне жоғары дәрежелі медициналық қызмет көрсетуге бағытталған бірқатар жобаларды көздейді. Бұл дегеніміз ең алдымен, көптеген адам еңбек ететін ұжым, компанияда маңызды орны бар әр қызметкер. «Шин-Лайн» атап өткендей, кәсіпорын уақтылы және жоғары сапалы диагностиканы, сондай-ақ Оңтүстік Корея медицинасының озық стандарттары негізінде емдеуді ұйымдастыруға шешім қабылдаған. Биылғы жылдың күзінде Оңтүстік Корея мамандарымен бірлескен медициналық пункт ашылады.


Хёндэ клиникасы «Шин-Лайн» тобына кіретін кәсіпорындарды заманауи медициналық мекемелермен және мамандандырылған қызметкерлермен жарақтандыруға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ «Шин-Лайн» қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін тұрақты медициналық қолдау және жеңілдіктер көзделіп отыр.
Бұл ауқымды жоспардың бір бөлігі ғана. Оңтүстік Кореяның жетекші клиникаларының бірінің қазақстандық жобаларына «Шин-Лайн» белсенді қатысады деген болжам бар. Атап айтқанда- Хёндэ госпиталінің стационар желісінің Қазақстан нарығына шығуы кезіндегі ынтымақтастық, Талдықорғандағы Хёндэ клиникасының жыл сайынғы медициналық волонтерлік жұмысқа қатысуы және басқа да бірлескен жобалар Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер атап өткендей, «Шин-Лайн» қызметкерлері мен олардың отбасыларының денсаулығын жақсартып қана қоймайды, бұл жалпы Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы жоғары технологиялық медицинаның дамуына ықпал етеді.


Құжатқа «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин мен Чун-Ан университетінің клиникасындағы Хёндэ госпиталінің директоры Ким Бу Сон қол қойды.