01 марта 2025
“SLG-Hyundae” ауруханасының құрылысы жобасын іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

“SLG-Hyundae” ауруханасының құрылысы жобасын іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 28 ақпанда Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында денсаулық сақтау саласындағы ірі жобалардың бірі — “SLG-Hyundae” көпсалалы ауруханасын салу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның медициналық қауымдастығының негізгі өкілдері — қолданыстағы ауруханалардың директорлары, жетекші дәрігерлер, медициналық жоғары оқу орындарының проректорлары, сондай-ақ жаңа клиниканы жобалау және салу процесіне тікелей қатысатын сарапшылар мен басшылар қатысты.

Қатысушыларға құттықтау сөзімен “Shin-Line” компаниялар тобының президенті Андрей Антонович Шин және Корея Республикасындағы “Hyundae” ауруханасының директоры Ким Бу Соб мырза сөз сөйледі. Кездесудің модераторы ретінде генерал Ли Дже Ван болды.

Дөңгелек үстел барысында тараптар:

Сондай-ақ, кездесуде Кореялық медициналық стандарттарды Қазақстан жағдайына бейімдеу, шетелдік тәжірибені енгізу, медициналық туризмді дамыту және болашақ клиниканың экспорттық әлеуеті сынды өзекті мәселелер көтерілді.

Кездесудің маңызды жаңалықтарының бірі — “SLG-Hyundae” ауруханасының Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелуі болды. “SLG-Хёндэ” ЖШС атауымен тіркеу 2025 жылғы 26 ақпанда ресми түрде аяқталды. Бұл оқиға жобаның іске асуына нақты қадам жасалғанын білдіреді.

“SLG-Hyundae” жобасы — халықаралық стандарттарға сай, заманауи және жоғары технологиялық медициналық инфрақұрылымды қалыптастыру жолындағы маңызды бастама болып табылады.