03 июня 2025
Қайырымдылық жоба: Алматы қаласындағы арнайы білім беру ұйымында жаңа кітапхана

Қайырымдылық жоба: Алматы қаласындағы арнайы білім беру ұйымында жаңа кітапхана

Ұлттық құндылықтар мен әлеуметтік жауапкершілік аясында, Алматы қаласындағы арнайы білім беру ұйымында жаңа кітапхананың салтанатты ашылуы өтті. Қызыл лента «AMANAT» партиясы мен мекеме директорының қатысуымен қиылып, шараға ерекше салтанат пен мән берілді.

Shin-Line қайырымдылық қорының бастамасымен бұл – қор ашқан үшінші кітапхана. Балаларға заманауи кітаптар, жұмсақ орындықтар, дамытушы ойындар тарту етіліп, арнайы кітап сөрелері орнатылды. Бұл сыйлықтар балалардың оқу мен шығармашылыққа деген қызығушылығын оятуға бағытталған.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, домбырамен күй орындап, әсерлі концерт қойды. Бұл мерекелік кеш балалардың өнерін танытып, жылулық пен қуаныш сыйлады. Шара соңында балмұздақ пен @cu_kazakhstan дүкендер желісінен сыйлықтар таратылды.

Компания балалардың білімі мен дамуына қолдау көрсетуді жалғастыра отырып, олардың жарқын болашағына жол ашуға ниетті. Балалардың шынайы қуанышы – біздің ең үлкен сыйымыз!