2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның балмұздақ нарығында не болып жатыр?
Қазақстанның балмұздақ нарығы қарқынды түрде өзгеруде: жаңа ойыншылар пайда болып, тұтынушылардың талабы артып, бәсекелестік күшейіп келеді. Дегенмен, бірнеше жылдан бері бүкіл саланың қарқынын белгілеп, рекордтық көрсеткіштерді тіркеп және жергілікті нарық шеңберінен шығып жүрген дәл осы «Shin-Line» компаниясы. Бұл қалай мүмкін болды және өсудің құпиясы неде? Біздің сұрақтарымызға «Шин-Лайн» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин жауап береді.
Өткен жыл «Shin-Line» компаниясы үшін рекордтық жыл болды: өндіріс көлемінің артуы жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік берді. Сіз қандай негізгі өндірістік көрсеткіштерді атап өтер едіңіз және бұл рекордтарға қалай қол жеткізілді?
Өткен жыл «Shin-Line» үшін шынымен де рекордтық болды. Біз серпінді өсуді 2023 жылы Алматыдағы жаңа балмұздақ фабрикасының қосымша өндірістік қуаттары іске қосылғаннан кейін бастадық: ол кезде заттай өнім өсімі 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ды құрады. 2024 жылы өндіріс көлемін тоннамен есептегенде 24%-ға арттырсақ, ал 2025 жыл рекордтық өсіммен — заттай өнімде плюс 28%-бен ерекшеленді. Бұл ретте Қазақстан нарығында балмұздақ сату көлемі озық қарқынмен өсіп, 31%-ға жетті, бұл орташа нарықтық динамикадан жоғары.
Біз атап өтетін негізгі өндірістік көрсеткіштер — өнім шығарудың тұрақты өсімі, қуаттардың жүктемесін арттыру және сұраныс ең жоғары кезеңдерде өнім тапшылығын азайту. Бұған Алматыдағы инновациялық технологиялық шешімдермен және автоматтандырылған желілермен жабдықталған ірі заманауи өндірістік кешеннің іске қосылуы айтарлықтай септігін тигізді. Кәсіпорынның жобалық өндірістік қуаттылығы тәулігіне 300 тоннаға дейін жетеді, бұл «Shin-Line»-ды ауқымдылық пен операциялық тиімділік тұрғысынан сапалы жаңа деңгейге шығарды.
Рекордтық көрсеткіштер өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға салынған жүйелі инвестициялардың, жыл сайын жаңа желілерді іске қосудың нәтижесінде мүмкін болды. Қосымша факторлар ретінде жазғы маусымдағы қолайлы ауа райын және тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие болған жаңа өнімдердің сәтті шығарылуын атауға болады. Сонымен қатар, көлемнің өсуі сапаға деген қатаң назармен қатар жүреді: біз тағам қауіпсіздігінің заманауи стандарттарын енгізіп, өндірістің барлық кезеңдерінде бақылауды күшейтудеміз.
Қазіргі таңда Қазақстандағы балмұздақ саласының жағдайы қандай?
Бүгінде Қазақстанның балмұздақ саласы белсенді өсу және іс жүзінде «жаңғыру» (ренессанс) кезеңін бастан кешуде. ҚР Ұлттық статистика бюросының («АСПиР») мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 63,2 мың тонна балмұздақ өндірілген — бұл бір жыл бұрынғыдан 22%-ға артық. Бұл 2000 жылдан бергі өндіріс көлемінің ең жоғары өсу қарқыны. Тұңғыш рет балмұздақ экспорты импорттан асып түсті: 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында экспорт 13,6 мың тоннаны құраса (+39%), импорт 6%-ға төмендеп, 11,8 мың тонна болды. Негізгі экспорттық бағыттар — Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Беларусь.
Нарықтың сапалы жаңаруы — өсудің негізгі драйвері. Бәсекелестіктің күшеюі, инновациялық өнімдердің пайда болуы және отандық өндірушілердің әлемдік стандарттарға сай болуға ұмтылысы тұтынушылық қызығушылықты арттырды. Қазақстан бүгінде жаһандық брендтер мен өнім жаңалықтарының көптігімен ерекшеленеді, бұл саланың жаңа даму деңгейіне өткенін көрсетеді.
Қазақстандық балмұздақ қазір Қытайға экспортталады. Шығу үшін ең қиын ел қайсы болды және қай нарықтарда қазақстандық пломбир ерекше жылы қабылданды?
Біз 10 түрлі елге экспорттаймыз және Қытай нарығы ең күрделі екенін айтудан жалықпаймыз. Ол қытайлық тұтынушылар үшін арнайы өнімдер әзірлеуді талап етеді, өйткені олар тәттіге өте теріс қарайды. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде дәмдік талғамдарымыз ондаған жылдар бойы ұқсас қалыптасқан, сондықтан ол жаққа экспорттау оңайырақ. Ал басқа нарықтар үшін рецептураны түзетуге, қосымша сертификаттаудан өтуге, бренд пен дизайнды өзгертуге тура келеді.
Shin-Line компаниясын Қазақстандағы №1 балмұздақ өндірушісі деп атайды. Бүгінде өнім сапасы бойынша компания үшін басты басымдық не және оны іс жүзінде қалай қамтамасыз етесіздер?
Біз үшін басты басымдық — өндіріс ауқымы мен нарыққа қарамастан, өнімнің тұрақты әрі қайталанатын сапасы. Іс жүзінде сапа 10-нан астам бақылау кезеңін қамтитын көпдеңгейлі жүйемен қамтамасыз етіледі: шикізатты тексеруден бастап, дайын өнімді зертханалық сынақтан өткізуге дейін. Бақылау өндірістік циклдің әрбір маңызды кезеңінде — рецептура, пастеризация, мұздату, өлшеп-орау, сақтау және логистикада жүзеге асырылады.
Барлық процестер азық-түлік қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған және үнемі ішкі және сыртқы аудиттерден өтеді. Жоғары автоматтандырылған жабдықтар адам факторының әсерін азайтып, өнім параметрлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Shin-Line өндірісі заманауи, жоғары деңгейде автоматтандырылған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл адам факторына тәуелділікті барынша азайтуға және өнім параметрлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде біз үлкен көлемде өндіріс жүргізе отырып, жоғары сапаны сақтаумен қатар, инновацияларды — тұтынушылар сұранысына бейімделген жаңа форматтарды, дәмдер мен текстураларды — жедел енгізе аламыз.
Сонымен бірге біз сапа ұғымын тек стандарттарға сәйкестікпен ғана шектемейміз. Shin-Line үшін бұл — үнемі даму мен ерекшеленуге бағытталған жүйелі жұмыс. Атап айтқанда, өнімдік инновацияларды дамыту, дәмдермен тәжірибе жасау, рецептураларды жетілдіру және тұтынушылық тәжірибені жақсарту. Қатаң бақылау жүйесі, технологиялық артықшылық және жаңа өнімдерді әзірлеудегі батылдықтың үйлесімі бізге нарықтағы көшбасшылықты сақтауға және жергілікті әрі халықаралық компаниялармен табысты бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Өткен жылы компания үшін қандай өнімдік немесе технологиялық инновациялар шешуші болды?
Бізде барлық жаңа өнімдер жақсы нәтиже көрсетті, бірақ бес қабатты Bahroma пинтасы бәрінен озып кетті. Өзімнің балмұздақ саласындағы 30 жылдық тарихымда алыпсатарлардың желілерден барлық балмұздақты сатып алып, интернетте 2 есе қымбатқа сатып жатқанын бірінші рет көрдім. «Дубай шоколады» эскимосын бәрі қайталады, бірақ бізде ол құрылымы жағынан түпнұсқаға ең жақын, күрделі өнім болды. Мұндай күрделі өнімдерді шығаруға біздің бірегей жабдықтарымыз мүмкіндік береді: мысалы, сұйық азоты бар желі (посткеңестік кеңістіктегі жалғыз) Double Chocolate және Solero типіндегі (шырынның қалың қабатындағы эскимо) өнімдерді шығаруға жағдай жасайды.
2025 жылы балмұздаққа деген сұраныс қалай өзгерді және алдағы жылдары нарықты қандай үрдістер анықтайды деп ойлайсыз?
Статистикаға сүйенсек, сұраныста өзгеріс аз сияқты көрінуі мүмкін: нарықтың шамамен 80%-ын әлі де кілегейлі балмұздақ пен пломбир иеленуде. Бұл — тұтынудың негізі. Бірақ балмұздақ — эмоционалды өнім, сондықтан тұтынушы тек «дәмді» емес, жаңа, есте қалатын, сипаты бар дүниені іздейді. Сондықтан бүгінде нағыз серпілісті жаппай санаттар емес, адамдарды таң қалдыра алатын сәтті инновациялық жаңалықтар жасауда.
Сонымен қатар, классика ешқайда кетпейді. Біздің «Мишка» пломбирі ең сүйікті өнімдердің бірі болып қала береді — бұл бала кезден таныс дәм. Біз нарықты сенімді классика мен ойластырылған инновациялар арасындағы тепе-теңдік ретінде көреміз. Біз балмұздақ күнделікті өмірдегі кішкентай қуаныш көзі болып қалуы үшін жаңа дәмдер мен идеяларды ұсына отырып, сүйікті өнімдерімізді әрі қарай дамыта береміз.