№24 Қалалық емхана Shin-Line қорының пациенттерге арналған мүгедектер арбасын алды

13 шілде 2026

Shin-Line корпоративтік қоры Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №24 Қалалық емханаға жүріп-тұруы шектеулі пациенттерге арналған мүгедектер арбасын табыстады.

Көмек қордың қайырымдылық бағдарламасы аясында медициналық мекеме басшылығының өтінішіне жедел жауап ретінде көрсетілді. Жаңа мүгедектер арбасы егде жастағы адамдарға, қозғалысы шектеулі пациенттерге және уақытша өздігінен жүріп-тұра алмайтын азаматтарға арналған. Ол емханаға келушілердің дәрігерлік кабинеттер арасында емін-еркін әрі жайлы қозғалуына мүмкіндік беру үшін сүзгі аймағында немесе тіркеу бөлімінде орналастырылады.

«Денсаулық сақтау саласын жүйелі түрде қолдау және тұрғындардың жайлылығына қамқорлық жасау – қорымыздың әлеуметтік жауапкершілік саласындағы негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе адамға шұғыл медициналық көмек немесе оңалту қажет болған кезде, медициналық мекемелердегі қолжетімді ортаның маңызы зор екенін жақсы түсінеміз. Бұл қолдауымыз жүздеген алматылықтың емханаға келуін барынша ыңғайлы етеді деп сенеміз», – деді Shin-Line қорының президенті Дамир Дигай.

№24 Қалалық емханада табысталған мүгедектер арбасы пациенттердің медициналық мекеме ішінде еркін қозғалуын едәуір жеңілдетіп, егде жастағы адамдар мен ем қабылдап немесе оңалтудан өтіп жатқан азаматтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратынын атап өтті.

«Біздің емхана үшін әрбір пациентке қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау маңызды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің осындай үлгілері сапалы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және қолжетімді ортаны қалыптастыруға зор үлес қосады», – деді ШЖҚ КМК «№24 Қалалық емхана» директоры Гүлжиян Маякова.

Shin-Line корпоративтік қоры денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау бағыттарында тұрақты түрде жобаларды жүзеге асырып, Қазақстан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мекемелер мен бастамаларға қолдау көрсетіп келеді.