Әлемнің 200-ге жуық елінен келген қонақтар «Шин-Лайн» өнімдерін татып көрді
Қазақстан 30 жыл ішінде алғаш рет әлемдегі ең ірі азық-түлік көрмесі — Gulfood халықаралық көрмесіне қатысты. Дубай қаласында өткен ұлттық павильон құрамында «Шин-Лайн» компаниясы өз өнімдерін таныстырды.
Көрме аясында әлемнің 200-ге жуық елінен келген қонақтар компанияның үздік ассортиментімен танысты. Көпшіліктің ерекше назарын тұтынушылардың сүйіспеншілігіне ие болған Bahroma бренді аударды.
Gulfood көрмесіне қатысу компанияның экспорттық бағытын дамытудағы маңызды кезеңге айналды және қазақстандық өнімді халықаралық нарықта ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Көрме барысында әлеуетті серіктестермен, дистрибьюторлармен және сауда желілерінің өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізілді.
Аталған қадам QazTrade қорының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауының арқасында жүзеге асты. Компания қолдау көрсетіп, өнім сапасына жоғары баға бергені үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мырзаға алғыс білдіреді.
Gulfood көрмесіне қатысу «Шин-Лайн» компаниясының қазақстандық өндіруші ретінде жаһандық нарықта лайықты бәсекелесе алатынын және ел абыройын халықаралық деңгейде таныта алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.