Қамқорлық пен қолдау: «Шин-Лайн» Алматы қаласындағы ерекше балаларға көмек көрсетті
«Шин-Лайн» компаниясы Алматы қаласы Түрксіб ауданының «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, орталық тәрбиеленушілеріне дамытушы сыйлықтар табыстады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жан-жақты дамуға ықпал ететін қолдау аса маңызды. Түрлі пішіндегі, түстегі және текстурадағы ойыншықтар ұсақ моториканы, сенсорлық қабылдауды, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және эмоциялық дамуды жетілдіруге көмектеседі. Сапар аясында орталыққа музыкалық ойыншықтар, доптар, конструкторлар және ойын арқылы оқытуға арналған басқа да жиынтықтар берілді.
Әлеуметтік және білім беру мекемелерін қолдау – «Шин-Лайн» компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі. Осындай бастамаларды жүзеге асыра отырып, компания ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балалар үшін қолайлы әрі қолдаушы орта қалыптастыруға үлес қосуды көздейді.
«Шин-Лайн» орталық мамандарына кәсібилігі мен әрбір баланың дамуына бағытталған күнделікті еңбегі үшін алғыс білдіреді және табысталған сыйлықтар тәрбиеленушілерге қуаныш пен жағымды әсер сыйлайды деп сенеді.