«Шин-Лайн» халықаралық алаңда
2026 жылғы 30 наурызда «Шин-Лайн» компаниялар тобы Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясы, Циндао қаласында өткен «Қытайға экспорт: ШЫҰ аясындағы таңдау» атты халықаралық іс-шараға қатысты.
Іскерлік бағдарлама аясында компания өз өнімдерінің желісін қытайлық әлеуетті импорттаушыларға таныстырып, сондай-ақ балмұздақтың дәм таттыру рәсімін өткізді. «Шин-Лайн» өнімдері іс-шара қатысушылары тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, бизнес өкілдерінің оң бағасына ие болды.
Іс-шара барысында компанияның балмұздағына Шаньдун провинциясының вице-губернаторы Вэнь Нуань мырза дәм татып, қазақстандық өнімнің жоғары сапасын атап өтті.
Осындай халықаралық алаңдарға қатысу компанияның экспорттық әлеуетін нығайтуға және Қытай нарығындағы қатысу аясын кеңейтуге ықпал етеді.
«Шин-Лайн» компаниялар тобы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне, «KazTrade» АҚ-ға және Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігіне іс-шараға қатысуды ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен ықпалы үшін шынайы алғысын білдіреді.