Shin-Line «Қазақстанның тоңазытқыш өнеркәсібі және ауа баптау қауымдастығының мүшесі атанды»

30 сәуір 2026

Shin-Line компаниялар тобы Қазақстан Республикасының Тоңазытқыш өнеркәсібі және ауа баптау қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі өзін-өзі реттейтін ұйымының құрамына енді. Бұл – тоңазытқыш және климаттық технологиялар саласындағы бизнес, ғылым және инженерлік қауымдастық өкілдерін біріктіретін еліміздегі негізгі салалық ұйымдардың бірі.

Біздің компания үшін бұл тек маңызды кәсіби кезең ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы саланың болашағын қалыптастырып отырған сарапшылар қауымдастығының бір бөлігі болу – үлкен мәртебе. Қауымдастыққа мүшелік тәжірибе алмасуға, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және энергия тиімділігі, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Аталған қауымдастыққа кіру Shin-Line компаниясының салалық стандарттарды дамытуға қатысуға, инновацияларды қолдауға және өндіріс, білім беру мен ғылыми ортаның арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Қауымдастықпен бірлесе отырып, Қазақстанның тоңазытқыш өнеркәсібін дамытуға, заманауи технологиялық шешімдер жасауға және отандық бизнестің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға елеулі үлес қоса алатынымызға сенімдіміз.