Жаңа оқу жылы қарсаңында Shin-Line қоры 200 бірінші сынып оқушысына мектепке қажетті құралдар табыстады
Shin-Line корпоративтік қайырымдылық қоры жыл сайынғы «Балаларды мектепке дайындайық» акциясын өткізді. Биыл көпбалалы отбасылардан шыққан 200 бірінші сынып оқушысына қажетті кеңсе тауарларының толық жиынтығы салынған ыңғайлы мектеп сөмкелері табысталды.
Инициатива отбасылардың 1 қыркүйекке дайындық кезінде түсетін қаржылық жүктемесін азайтып, балаларға мектеп өмірінің жаңа кезеңін сенімді бастауға мүмкіндік беруге бағытталған.
«Бала үшін жаңа сөмке мен мектеп құралдары - жай ғана заттар емес. Бұл – жаңа кезеңге дайындық сезімі және қатарластарымен бірге оқу жолын тең бастау мүмкіндігі. Біз үшін бұл қолдаудың жүйелі түрде жалғасып, балаларға қуаныш сыйлауы маңызды», - деді Shin-Line қорының президенті Дамир Дигай.
«Балаларды мектепке дайындайық» жобасы Shin-Line қайырымдылық қоры құрылған 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама жұмыс істеген уақыт ішінде оқу жылының басталуына орай 600-ден астам оқушыға атаулы көмек көрсетілді.
Балалар мен отбасыларды қолдау компанияның әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл бастама өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін нығайтуға үлес қосады.