05 Мамыр 2022
Алматы қаласына іргелес ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның айналасында жайлы қоғамдық кеңістік құрылуда

Алматы қаласына іргелес ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның айналасында жайлы қоғамдық кеңістік құрылуда

Оны тек кәсіпорын қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар оған іргелес аудандардың тұрғындары да тегін пайдалана алады

2022 жылғы 3 мамыр. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Алматы маңы, Байсерке ауылындағы «Шин-Лайн» компаниясының жаңа өндірістік кешенінде жабдықтарды сынақтан өткізуге қатысты. 30 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылған бұл өндіріс жақын арада ТМД мен Шығыс Еуропадағы балмұздақ шығаратын ірі кәсіпорынға айналады. Қонақтар кәсіпорын қызметкерлері мен маңайдағы елді мекендердің тұрғындарына тегін қолжетімді болатын өндірістік кешенге іргелес аумақты көгалдандыру және заманауи қоғамдық кеңістік құру жобасының барысымен танысты. Бақыт Сұлтанов пен Қанат Бозымбаев серіктестік қызметкерлері, журналистер және жергілікті тұрғындармен бірге ағаш отырғызды.

«Шин-Лайн» – бұл экономикалық нарықтарда батыл және сенімді түрде жұмыс істеп келе жатқан жас флагман. Қазақстанның сауда және интеграция Министрлігі компаниямен бірлесіп, өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығару бойынша жұмыс жүргізуде. Компания мемлекеттік қолдау шаралары мен іскерлік белсенділіктің синергиясының нақты табысқа жетуінің тамаша үлгісі болып табылады. Жаңа жұмыс орындары ашылуда, кәсіпорын облыстың ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасы үшін жұмыс жасауда», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Оңтүстіктегі күннен қорғану үшін жаппалар мен бастырмалар салынады, асфальттың орнына төсем төселеді, қосымша салқындықты су бұрқақтары жасайтын болады. Өндірістік кәсіпорынның және оның жанынан өтетін қала маңындағы трассаның жарасымды ландшафты көгалдар мен гүлзарларды, балалар ертегілерінің кейіпкерлері түріндегі шағын сәулет нысандарын жандандырады. Жаңғырту компания аумағы бойында орналасқан Алматы – Жетіген тас жолының учаскесіне де қатысты болады. Абаттандыру жобасын іске асыру басталғанға дейін мұнда жаяу жүргіншілер тротуарлары, аялдама кешендері болған жоқ, ағаштар мен бұталарды санитарлық өңдеуі жүргізілген жоқ, бұл олардың жай-күйінің нашарлауына алып келді. Енді бұл аумақ жаңа өмір бастады.

«Іргелес аумақты абаттандыру жобасын осы жылдың жазына қарай аяқтауды жоспарлап отырмыз. «Шин-Лайн» бұл жұмысты өз қызметін жүргізіп жатқан өңірдің дамуына әлеуметтік үлес қосу мүмкіндігі ретінде бағалайды. Біз аудан жұртшылығының өкілдерімен жиі кездесеміз және Байсерке ауылы мен оған іргелес жатқан ауылдардың тұрғындары біздің жобамызды қолдайтынын және оның аяқталуын күтетінін білеміз. Біз сондай-ақ Алматы облысының әкімдігіне, Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына алғысымызды білдіреміз, олардың қолдауының арқасында аудан аумағын жаңарту кәсіпорынды жаңғыртудың қисынды жалғасына айналады», – деп түсіндірді компания президенті Андрей Шин.

 Айта кету керек, қазіргі уақытта Байсерке ауылында «Шин-Лайн» компаниясының өндірістік кешенін салу және жабдықтау аяқталуда. Балмұздақ пен тамақ өнімдерін шығару кешенінің өндірістік желілерін тестілеу басталып қойды. Бұл өндіріс таяу болашақта ТМД мен Шығыс Еуропада балмұздақ шығаратын ең ірі кәсіпорынға айналатын болады.

Өндірістік кешенді құру бойынша жобаның жалпы құны 33,4 млрд теңгеге бағаланады. Кәсіпорында тәулігіне 350 тонна балмұздақ шығаруға арналған ең озық шведтік, германдық және итальяндық жабдықтар орнатылған. Орнатылған екі өндірістік желіде балмұздақтың негізгі ассортиментін сынақтан өткізу басталды. Әр желі сағатына 36 000 – 40 000 дана балмұздақ өндіретін болады, екі желінің жалпы құны 8 миллион еуродан асады.

Бүгінгі таңда бұл технологиялық және гигиеналық стандарттар тұрғысынан да, пайдалану қауіпсіздігі мен тиімділігі жағынан да әлемдегі ең заманауи жабдық. Кәсіпорында енгізілетін көптеген шешімдерді «Шин-Лайн» мамандары тұжырымдайтын ерекше міндеттерді ескере отырып, әлемдік жетекші жабдық өндірушілер әзірледі және олар бірегей болып табылады.

«Шин-Лайн» жаңа өндірісінің іске қосылуымен балмұздақтың ассортиментін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл ретте ассортиментте бұрынғысынша қолжетімді базалық өнімдер, сондай-ақ жеміс толтырғыштары, қос шоколад және экзотикалық дәмі бар премиум балмұздақ ұсынылады.

Компания президенті Андрей Шиннің айтуынша, Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірін іске қосу Алматы облысының экономикасы үшін ғана емес, жалпы елдің тамақ индустриясы үшін де үлкен маңызға ие. «2025 жылға қарай барлық өндірістік алаңдар іске қосылғаннан кейін кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны екі есеге артып, 2,5 мыңға жететін болады, бұл ретте жаңа бос орындардың едәуір бөлігін жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары алатын болады. Кәсіпорынның қуатын кеңейту мультипликативті әсер береді, өйткені жаңа өндірісті іске қосу шикізатты, қаптаманы өндіруге және жеткізуге маманданған компаниялардың, сондай-ақ логистика, дистрибуция, IT-шешімдер саласындағы ілеспе бизнестің өсуімен қатар жүретін болады», – деп атап өтті Андрей Шин.

Кәсіпорын құрылысы барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде, өндірісте су және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы ең заманауи шешімдер енгізілетін болады. Өндірістік кешеннің бас жоспары одан әрі даму перспективаларын ескере отырып әзірленді, ғимараттар арасындағы оңтайлы қашықтыққа, ойластырылған инсоляцияға ие, сондай-ақ жоба тұтынылатын энергияның әртүрлі түрлерін тиімді пайдалануды көздейді. Ағынды суларды тазартуға арналған өнеркәсіптік шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі голландиялық компанияның жобасы бойынша тазарту құрылғыларының құрылысы басталды. «Шин-Лайн» фабрикасында флотациясы және ағартқышы бар биологиялық тазартуы бар суды екі кезеңді тазарту жүйесі орнатылады, тазартылатын ағындардың көлемі тәулігіне 100 – 3000 текше метрді құрайды. Бұл бүгінгі таңда қазақстандық бірде-бір кәсіпорында жоқ ең заманауи шешім.

Euromonitor компаниясының деректері бойынша, 2021 жылы қазақстандық балмұздақ нарығындағы «Шин-Лайн» үлесі шамамен 40% құрады, компания Ресейде, Беларусьте, Монғолияда және Орталық Азия елдерінде болуын күшейтті. «Шин-Лайн» ҚР ең ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады – 2021 жылдың өзінде компания мемлекет бюджетіне 2,9 млрд теңге сома салық аударды.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +7 705 217 1277