25 Тамыз 2023
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«Шин-Лайн» компаниясы  «Мектепке жол» акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға 120 рюкзак ​​сыйға тартты.


«Республикадағы әрбір екінші балмұздақты шығаратын компаниямыз үшін «бақытты балалық шақ» тақырыбы әрқашан бірінші орында, сондықтан да біз үнемі тәтті өнімдерімізді балалар үйіне жеткіземіз. Бірақ биыл біз республика көлеміндегі акцияларға бұрынғыдан да белсенді түрде қатысамыз және балаларды, әсіресе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау үшін бизнес-компанияның күш-жігерін біріктіру идеясын жан-жақты насихаттаймыз. Барлық оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!»,- Андрей Шин, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Алматы корей ұлттық орталығының төрағасы, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті.