22 Наурыз 2024
«Шин-Лайн» өз өнімдерін KazAgro Zhambyl I Халықаралық көрме-форумында таныстырды

«Шин-Лайн» өз өнімдерін KazAgro Zhambyl I Халықаралық көрме-форумында таныстырды

2024 жылғы 19-21 наурыз аралығында Тараз қаласында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуіне орайластырылған KazAgro Zhambyl алғашқы көрмесіөтті. Көрмеде «Шин-Лайн» компаниясы өзі өндіретін балмұздақ, тез дайындалатын кеспе, мұздатылған жартылай фабрикаттар сияқты жетекші өнімдерін таныстырды. «Шин-Лайн» делегациясының басшысы және компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин іс-шара туралы әсерімен бөлісті.

– Таразды таңдау кездейсоқ болған жоқ-бұл Қазақстанның ең көне қаласы. Ауыл шаруашылығы техникасы қаланың орталық алаңына Самарқанд Регистанын еске түсіретін түркі сәулет ансамблінің ортасында орналастырылды. Кәсіпорындар өнімдерінің көрмесі «Көне Тараз» (Ежелгі Тараз) кешенінің павильондарының бірінде өтті. Егер бұған ұйымдастырушылар жасаған барлық сән-салтанатты –мерекелік тағамдар мен барлық жерде ұлттық костюм киген қыздарды қосатын болсақ, онда Наурыз түркі мейрамының басталуын іс-шараның барлық қонақтары сезінді деп айтуға болады.

– Жамбыл облысының барлық өңдеушілеріне көрмеге өз стендімен және өнімдерімен қатысуға мүмкіндік берілді- көрмені тамашалау, ірімшіктерді сынап көру және оларды өндірушілермен сұхбаттасу қызықты болды.  Иә, ірімшіктер әлі негізігі құрылымына, дәм профиліне 100 пайыз сай емес, дегенмен өндірушілер  барынша тырысып жатқанынан және өнімдері туралы жан-жақты айтқанына қараполардың дұрыс жолда келе жатқанына сенесіз.  Меркі ірімшік зауытының басшысы Дастан Айтүленовпен дегустация кезінде олар өндіретін айран туралы талқылау болды -алматылық өндірушілерге қарағанда меркілік айран балғын әрі өткір және қысқа сақтау мерзіміне байланысты олар да айран ашытқысынан кетуге мәжбүр болған. Дегенмен олар оны жаңа сауылған сүт пен оныңтехнологиясы арқылы «бала кезінен таныс» дәмге жақындатуға тырысады.  Әрі қарай біз Kaz Ir Agro мақсары майын өндірушімен кездестік- негізінде олармен халықаралық көрмелерде жиі жүздесеміз. Шу ауданындағы мақсары майын өндіретін осынау компания өзінің экспорттық әлеуетін қарқынды дамытып жатқанын көріп қуандық. Біздің стендтің дәл қарсысында ресейлік «ЭкоНива» сүт алыбы орналасқан – біз олармен Новосібір облысында ірімшік зауытының көпжылдық құрылысы және астық, бұршақ және жемшөп дақылдарының тұқымдарын, тіпті сыра арпасын Қазақстан нарығына жеткізу туралы әңгімелестік.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің сүйемелдеуімен «Шин-Лайн» стендіне келді.  Жоғары делегация мүшелері өнімдермен танысып, компанияның дамуы, жаңа фабриканың құрылысы және экспорт динамикасы туралы қысқаша баяндамамызды тыңдады. Түстен кейін Сапаров мырзамен кездесуде біз ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге арналған инвестициялар туралы келісімдердің әртүрлі аспектілерін, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мүмкіндіктерін және басқа да мәселелерді талқыладық.  Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министріне келесі маусымнан бастап өзіміздің балмұздақ фабрикамызға ғана емес, Алматы облысының үлгілі сүт фермаларының біріне экскурсия жүргізетінімізді жеткіздік. Министр сүт зауыты мен сүт фермасына бағытталған саяхат мектеп оқушыларына сиырдан бастап балмұздақ өндірісіне дейінгі сүтті өндіріп-өңдеудің бүкіл жолын көруге мүмкіндік беретін экскурсиялар жобасына қызығушылық танытты.