Қазақстан мен Таиланд іскерлік байланыстарды нығайтуда: тай делегациясы Shin-Line кешеніне барды

25 маусым 2026

Қазақстан мен Таиланд экономикалық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Таиланд Корольдігінің Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеоны қабылдап, Таиланд Премьер-министріне Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруды жеткізді.

Осы сапар және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту аясында 2026 жылғы 25 маусымда Таиланд Корольдігінің өкілді бизнес-делегациясы Алматы облысындағы Shin-Line өндірістік кешеніне барды.

Компанияның ресми сапар бағдарламасына енгізілуі Shin-Line-ның Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ өндірушісі әрі отандық тағам өнеркәсібінің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін айқындайды. Мемлекеттік органдар мен жетекші компаниялардың өкілдерінен құралған тай делегациясы кәсіпорынның заманауи технологиялық қуаттарын, сапаны бақылау жүйесін және экспорттық әлеуетін жоғары бағалады.

Аталған сапар тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және ауқымды халықаралық жобаларды дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.