Сапалы балмұздақты қалай таңдауға болады? Маман кеңесі
Балмұздақ – қарапайым өнім сияқты көрінеді: тәтті, салқын және бала кезден таныс сүйікті дәм. Алайда оның мінсіз құрылымы мен дәмінің артында күрделі технологиялар, зертханалық бақылау және ондаған тексеріс тұр.
«Шин-Лайн» компаниясының сапаны бақылау қызметінің басшысы Нұрзиля Керімбаева, бүгінгі таңда сапалы балмұздақ қалай өндірілетінін және тұтынушы нені ескеруі керектігін айтып береді.
Бүгінде сапаны бақылау тек дайын өнімді тексерумен шектеле ме?
Жоқ, қазіргі таңда олай емес. Бұрын тек дайын өнім тексерілсе, бүгінде сапа өндірістің әр кезеңінде бақыланады.
Біз алдымен шикізатты – сүт, кілегей және басқа ингредиенттерді тексеруден бастаймыз. Одан кейін қоспаны дайындау процесін бақылап, температураны, құрылымды және технологиялық параметрлерді қадағалаймыз. Тек осыдан кейін ғана дайын балмұздақ зертханада тексеріледі.
Әр партиядан орта есеппен 10–15 үлгі алынып, ең ұсақ ауытқулардың өзі анықталады. Яғни сапа – соңғы кезең емес, үздіксіз жұмыс істейтін жүйе.
Неліктен балмұздақ сапасы маңызды?
Балмұздақ – тұтынушының денсаулығы мен сеніміне тікелей байланысты өнім. Егер технология немесе сақтау шарттары бұзылса, бұл бірден өнімге әсер етеді: мұз кристалдары пайда болады, дәмі мен құрылымы өзгереді.
Сонымен қатар, балмұздақ – эмоциямен байланысты өнім. Адамдар оны ләззат алу үшін сатып алады. Егер құрылымы дұрыс болмаса немесе дәмі таза болмаса, тұтынушы қайта оралмайды.
Сондықтан сапа – тек қауіпсіздік емес, сонымен қатар тұтынушының адалдығы.
Балмұздақтың дәмін не анықтайды?
Көпшілік дәмді рецепт анықтайды деп ойлайды. Алайда негізгі рөлді технология атқарады.
Маңызды екі көрсеткіш бар: балмұздақтың ауалылығы (қалай көпіршігені) еру жылдамдығы. Ең бастысы – микроструктура. Мұз кристалдарының мөлшері мен ауа таралуы кремді құрылымды қалыптастырады. Егер кристалдар ірі болса – балмұздақ «мұзды» болады. Ал дұрыс технология қолданылса – жұмсақ әрі нәзік болады.
«Шин-Лайнның» басқа өндірушілерден айырмашылығы неде?
Біздің басты ерекшелігіміз – сапаға жүйелі көзқарас. Бізде өндірісті тоқтатуға мүмкіндік беретін «қызыл батырма құқығы» бар: егер маман ең аз ауытқуды байқаса, өндіріс тоқтатылады. Біз үшін сапа әрқашан көлемнен маңызды.
Компания заманауи еуропалық жабдықтарды пайдаланады, процестер автоматтандырылған және барлық параметрлер нақты уақыт режимінде бақыланады.
Бүгінде компания портфелінде 140-тан астам өнім түрі бар. Оның ішінде «Мишка на полюсе», «Бомба», Bahroma секілді танымал брендтер бар.
Компания нарық талаптарына жылдам бейімделе отырып, әр өнімде тұрақты сапаны сақтауды басты қағида ретінде ұстанады.
Өнім сапасы халықаралық деңгейде растала ма?
Біздің өнім сапасы тек ішкі стандарттармен ғана емес, халықаралық нарықтардағы нәтижелермен де дәлелденеді.
Компания бүгінде 10-нан астам елге өнім экспорттайды. Сыртқы нарықтарға шығу – әрқашан қосымша талаптар мен қатаң бақылауды білдіреді. Өніміміздің осы талаптарға сай болуы – сапаның жоғары деңгейінің дәлелі.
Ингредиенттер туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Қандай компаниялармен жұмыс жасайсыздар?
Балмұздақтың дәмі әрқашан шикізат сапасынан басталады. Сондықтан біз тек сенімді жеткізушілермен жұмыс істейміз.
Сүт пен кілегей өндіріс басталмай тұрып қатаң тексерістен өтеді. Қоспаларға келсек, біз халықаралық компаниялармен жұмыс істейміз. Мысалы, шоколадты әлемдік көшбасшы Barry Callebaut жеткізеді, ал дәмдік ингредиенттер Puratos және Frutex компанияларынан алынады.
Әрбір ингредиент міндетті түрде тексеріліп, өнімдегі әсері бағаланады.
Барлық брендтерге бақылау деңгейі бірдей ме
Барлық брендтер үшін бақылау деңгейі жоғары. Алайда «Мишка на полюсе» сияқты өнімдер өндірістің барлық кезеңінде толық тексеруден өтеді.
Бақылау шикізаттан бастап, қаптамаға дейін жүргізіледі. Сонымен қатар өнімнің дәмі, құрылымы, сыртқы түрі, қауіпсіздігі және микробиологиялық көрсеткіштері тексеріледі.
Бұл – бір реттік емес, жүйелі бақылау процесі.
Сапа логистика мен дүкенге байланысты ма?
Иә, өте қатты байланысты.
Тіпті сапалы өндірілген өнім де сақтау температурасы бұзылса, сапасын жоғалтады. Мысалы, балмұздақ еріп қайта қатса, мұз кристалдары пайда болады.
Сондықтан сапа – бұл тізбек: өндіріс → логистика → дүкен
Қарапайым тұтынушы жақсы балмұздақты қалай таңдай алады?
Бірнеше қарапайым кеңес:
- Қаптаманың бүтіндігіне назар аударыңыз
- Құрылымы тегіс болуы керек (мұз түйіршіктері болмауы тиіс)
- Дүкендегі сақтау шарттарын тексеріңіз
- Сенімді брендтерді таңдаңыз
Тағы бір кеңес: өндірушінің деңгейін білгіңіз келсе, классикалық өнім – пломбирді таңдаңыз. Онда сапа бірден байқалады.