«Шин-Лайн» медицина болашағына инвестиция салуда
Алматыда медицина, ғылым және жасанды интеллект саласындағы өңірдегі ең ірі алаңдардың біріне айналған халықаралық ANaMed Forum — New Generation 2026 форумы өз жұмысын аяқтады. Форумға әлемнің 23 елінен 1550-ден астам ғалым, дәрігер, әзірлеуші, стартап-командалар және денсаулық сақтау саласының сарапшылары қатысты.
Форумның басты оқиғаларының бірі медицина мен медициналық білім беру саласына арналған инновациялық AI-шешімдерді әзірлеуге бағытталған ANaMed AI Challenge 2026 хакатонының қорытындысын шығару болды. Байқауға жалпы саны 76 жоба қатысты.
Hyundae Hospital президенті Kim Boo Seop және «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин бірлесіп AI-жобалар мен медициналық технологияларды қолдауға 30 мың АҚШ долларын бөлді.
Хакатон қорытындысы бойынша бес перспективалы жобаға әрқайсысына 2 000 АҚШ доллары көлемінде сертификаттар табысталды:
• DiabetAI
• Gluco Track
• Qamqor
• AndroLife & Ake Team
• KaryoLab
Барлық жобалар цифрлық медицинаны дамытуға, жасанды интеллектіні диагностикаға, пациенттерді бақылауға және медициналық көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, медициналық технологияларды дамыту мен әрі қарайғы ғылыми зерттеулерге арналған жобаға 20 000 АҚШ доллары көлеміндегі арнайы сертификат табысталды.
«Шин-Лайн» үшін ANaMed Forum-ға қатысу — бұл инновацияларды қолдау ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы заманауи медицина мен болашақ денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосылған үлес.
«Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин медицина саласымен тек меценат әрі кәсіпкер ретінде ғана байланысты емес. Ол медицина институтының емдеу факультетін тәмамдаған, сондықтан дәрігер мамандығының маңызын, ғылыми әзірлемелердің құндылығын және денсаулық сақтау жүйесіне жаңа технологияларды енгізудің қажеттілігін терең түсінеді.
Жас ғалымдарды, AI-әзірлеушілерді және медициналық жобаларды қолдау — бұл технологиялар адам өмірін сақтауға, емдеу сапасын арттыруға және медициналық көмекті барынша қолжетімді әрі тиімді етуге бағытталған болашаққа жасалған инвестиция.