«Шин-Лайн» халықаралық экологиялық жобаны іске қосуда: Сеулде AFoCO ұйымымен меморандумға қол қойылды

8 сәуір 2026

2026 жылғы 8 сәуірде Сеул қаласында (Корея Республикасы) «Шин-Лайн» компаниялар тобы мен Asian Forest Cooperation Organization (AFoCO) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. AFoCO — Азия елдерінде орман ресурстарын тұрақты басқару және ормандарды қалпына келтіру саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым.

«Шин-Лайн» атынан құжатқа компания Президенті Андрей Антонович Шин, ал ұйым атынан Атқарушы директор Park Changho (Пак Чанхо) қол қойды.

Меморандумға қол қою компанияның экологиялық бастамаларын дамытудағы маңызды қадам болып табылады және Қазақстанда ормандарды қалпына келтіру бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — орман питомнигін салу және оны пайдалану.

Тараптар озық халықаралық тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды енгізуге және орман ресурстарын басқару саласында тұрақты шешімдерді дамытуға өзара қызығушылықтарын растады.

Бұл серіктестік «Шин-Лайн» компаниясына экологиялық жобаларын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстанның тұрақты дамуына қосатын үлесін арттыра түседі.