Shin-Line Group пен Foodpolis Қазақстанда азық-түлік кластерін құрады

17 қыркүйек 2026

Қазақстандық Shin-Line Group компаниялар тобы мен Азық-түлік өнеркәсібі кластерін дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Корея институты (Korea Food Cluster Promotion Agency) Қазақстанда заманауи азық-түлік кластерін құру және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Болашақта азық-түлік кластерін құру Қазақстанда тамақ өнімдерін өндірушілер үшін өндіріс, қайта өңдеу, технологиялық сараптама және жаңа шешімдерді дамыту бағыттарын біріктіретін экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Азық-түлік өнеркәсібі кластерін дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Корея институтының сараптамалық қолдауы шикізатты қайта өңдеуден бастап, қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға дейінгі тиімді қосылған құн тізбегін қалыптастыруға бағытталады.

Халықаралық тәжірибені зерделеу және оны Қазақстан жағдайына бейімдеу отандық азық-түлік өнеркәсібін дамытуға, кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыруға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер береді.