Жарнамалық таралымдарға келісім – Shin-Line

Мен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес еркін, өз еркіммен және өз мүддемде әрекет ете отырып, «ШИН-ЛАЙН» ЖШС (бұдан әрі – Оператор) тарапынан маған жарнамалық хабарламалар мен кез келген ақпаратты (бұдан әрі – Жарнама) төменде көрсетілген және өзім shin-line.com сайтында (бұдан әрі – Сайт) нысандарды толтыру арқылы не Операторға өзге тәсілдермен жеке өзім ұсынған байланыс деректеріне (бұдан әрі – Байланыс деректері) жіберуге келісімімді (бұдан әрі – Келісім) беремін:

  • аты;
  • абоненттік телефон нөмірі;
  • электрондық пошта мекенжайы.

 

Аталған Байланыс деректері менің дербес деректерім болып табылады.

Осы Келісім келесі әрекеттердің жиынтығын орындау арқылы берілген болып саналады:

  • Сайттағы кез келген нысанды толтыру кезінде «Ақпараттық және жарнамалық таралымдарды алу жөніндегі келісімнің шарттарына сәйкес ақпараттық және жарнамалық таралымдарды алуға өз келісімімді беремін» мәтіні жанындағы «✓» белгісін қою (чек-боксты белсендіру) және осы Келісім мәтініне гиперсілтеменің болуы;
  • Сайттағы тиісті нысанның астындағы әрекет түймесін басу (мысалы, «Жіберу», «Өтінім қалдыру», «Кері қоңырау шалу» және т.б.).

 

Көрсетілген әрекеттер Оператордың осы Келісімді алғанын растау үшін жеткілікті болып табылады және менің осы Келісімді бергенімді қосымша растау үшін өзге дәлелдер талап етілмейді.

Байланыс деректері Оператордың тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін ілгерілету мақсатында менімен байланыс құралдары арқылы тікелей байланыс жасау жолымен Оператор тарапынан өңделеді.

Осы Келісім аясында Байланыс деректерімен жүргізуге рұқсат етілетін әрекеттер тізбесі:

  • жинау;
  • жазу;
  • жүйелеу;
  • жинақтау;
  • сақтау;
  • нақтылдау (жаңарту, өзгерту);
  • алу;
  • пайдалану;
  • дербестендіруді болдырмау;
  • бұғаттау;
  • жою;
  • көзін жою.

 

Байланыс деректерін өңдеу тәсілі:

  • автоматтандырылған өңдеу.

 

Мен Жарнаманың Оператор тарапынан маған келесі тәсілдердің кез келгенімен жіберілуіне келісемін:

  • SMS-хабарлама;
  • мессенджерлердегі хабарлама;
  • push-хабарлама;
  • электрондық хат;
  • телефон қоңырауы.

 

Осы Келісімнің қолданылу мерзімі: 3 (үш) жыл.

Мен осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде кез келген уақытта осы Келісімді кері қайтарып алуға, Жарнаманы алудан бас тартуға, Жарнама таралымынан бас тартуға немесе алынатын жарнамалық таралым баптауларын өзгертуге құқылы екенімді растаймын, бұл туралы хабардармын және ол маған белгілі. Мұны жарнамалық-ақпараттық хабарламалардың кез келгенінде орналастырылған Жарнаманы алудан бас тарту жөніндегі тиісті сілтеме арқылы не Операторға еркін түрде және талаптың дәл өзімнен шыққанын анықтауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен тиісті талапты жіберу арқылы жүзеге асыра аламын.

СКелісім Операторға жазбаша түрде ресми талап (сұрау, өтініш) жіберу арқылы да кез келген уақытта кері қайтарып алынуы мүмкін. Мұндай талап (сұрау, өтініш) Оператордың info@shin-line.com электрондық поштасына немесе осы Келісімнің «Оператордың деректемелері» бөлімінде көрсетілген Оператордың заңды мекенжайына тізімдемесі бар тапсырысты хат түрінде жіберілуі мүмкін.

Мен таралымнан бас тартуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Оператордың техникалық қолдау қызметіне hello@shin-line.comмекенжайына хат жолдау арқылы жүгінуіме болатыны туралы хабардармын.

Мен Операторға ұсынған Байланыс деректерінің шынайы, өзіме тиесілі және тек өзім тарапынан қолданылатын деректер екенін растаймын, кепілдік беремін және Операторды осыған сендіремін. Осы арқылы мен Операторға ұсынған Байланыс деректеріне жіберілетін Жарнаманы Операторға алдын ала келісімін бермеген үшінші тұлғалар алмайтынына кепілдік беремін, оны растаймын және осы үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын.

Оператордың деректемелері:

  • «ШИН-ЛАЙН» ЖШС
  • Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Байсерке ауылы, Алматы–Жетіген автожолының 22 км 500 м, 58-ғимарат
  • БСН 020940000580
  • +7 727 220 83 33
  • info@shin-line.com