Экспорт — стратегиялық ресурс: «Шин-Лайн» Қазақстан брендін халықаралық нарықтарда күшейтуде
Әлемдік сауданың трансформациясы мен халықаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында қайта өңделген өнім экспортын дамыту Қазақстан экономикасының өсуіндегі негізгі драйверлердің бірі болып отыр. Балмұздақ өндіру саласы импортқа тәуелді модельден экспортқа бағытталған даму бағытына тұрақты түрде көшкенін айқын көрсетеді.
«Шин-Лайн» компаниясының корпоративтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Омарбек Жулдыз атап өткендей, қол жеткізілген нәтижелер өндірісті жаңғыртуға және сыртқы нарықтарға белсенді шығуға бағытталған ұзақмерзімді стратегияның жемісі болып табылады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық балмұздақ экспорты 14 167 тоннаны құрап, 36,7%-ға өсті, ал импорт көлемі 12 194 тоннаға дейін төмендеді. Осылайша, сала тарихында алғаш рет экспорт көлемі импорттан асып түсті, бұл нарықтың жетілгенін және отандық өндірушілердің жоғары бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Ақшалай мәнде экспорт 54%-ға өсіп, 49,1 млн АҚШ долларына жетті.
Аталған өсімнің негізгі қозғаушы күші — саланың флагманы әрі Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ өндіруші «Шин-Лайн» компаниясы. Компанияның үлесіне қазақстандық балмұздақ экспортының 95%-ына дейінгі бөлігі тиесілі. Экспорт географиясы Ресей мен ТМД елдерін, сондай-ақ Қытай, Моңғолия, Әзербайжан және Грузияны қоса алғанда, 10 елді қамтиды.
Компанияның өндірістік қуаты тәулігіне 350 тоннаға жетеді, ал өнім түрлері 140-тан астам атауды құрайды. Өндірісті жаңғыртуға, автоматтандыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жүйелі инвестициялар компанияға халықаралық нарықтардағы позициясын нығайтып, «Қазақстанда жасалған» брендин ілгерілетуге мүмкіндік беріп отыр.
Ішкі инфляциялық қысым жағдайында экспорт өндірушілер үшін табысты әртараптандырудың, өндірістік қуаттардың жүктемесін сақтаудың және инвестициялық белсенділікті қолдаудың маңызды құралына айналуда. «Шин-Лайн» тәжірибесі экспорттың бүгінгі таңда тек өсу көзі ғана емес, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық таңдау екенін айқын дәлелдейді.