«Шин-Лайн» компаниясы «Баршаға арналған үлкен нарық: Қытайға экспорт» халықаралық іс-шарасына қатысты

16 ақпан 2026

«Шин-Лайн» компаниялар тобы Бейжің қаласында өткен «Баршаға арналған үлкен нарық: Қытайға экспорт» халықаралық іс-шарасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шара аясында компания өз өнімдерін таныстырып, Қытай Халық Республикасының ресми өкілдері тарапынан жоғары бағасын алды. «Шин-Лайн» брендіне көрсетілген назар мен халықаралық сауданы дамытуға бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін ҚХР Сауда министрі Ван Вэньтао мен Бейжің қаласының мэрі Инь Юн мырзаларға алғыс білдіреді.

Сондай-ақ, отандық өнімдерді ілгерілетуге және экспорттық бастамаларды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі, сондай-ақ Қытайдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрышев Шахрат Шакизатович мырзаға ерекше алғыс білдіреміз.

Қазақстандық өнімнің халықаралық деңгейде мойындалуы оның жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді. «Шин-Лайн» компаниялар тобы көрсетілген сенім үшін ризашылығын білдіреді және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, перспективалы нарықтардағы қатысу аясын кеңейтуді жалғастырады.