Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Аида Балаева «Шин-Лайн» өндірістік кешеніне келді
19 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ өндіретін зауыт — «Шин-Лайн» компаниясының өндірістік кешеніне барды. Сапардың негізгі мақсаты кәсіпорынның еңбек ұжымымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және алдағы конституциялық реформаны талқылау болды.
Компания қызметкерлері алдында сөйлеген сөзінде Аида Балаева қолданыстағы Конституцияның 30 жыл бойы Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретінде қалыптасуының берік негізі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында елдің құндылықтық бағдарларына ерекше назар аударылған.
«Негізгі заңның преамбуласында алғаш рет конституциялық деңгейде білім, ғылым, мәдениет және инновациялар сияқты маңызды құндылықтар бекітілді. Бұларсыз мемлекеттің дамуы мүмкін емес. Конституция — кейін қабылданатын барлық заңнамалық және бюджеттік шешімдердің негізі», — деді Аида Балаева.
Сондай-ақ ол ғылым мен білімнің өндірісті жаңғыртудағы, өнім сапасын арттырудағы рөліне тоқталып, бұл қағидаттарды Негізгі заң деңгейінде бекітудің маңыздылығын атап
Кездесу барысында Конституцияның жаңа редакциясында мәдениет пен тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты нормалардың алғаш рет енгізілгені айтылды.
Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсіндіру жұмыстарына қатысты ұсыныстарын білдірді. Кездесуге қатысушылар алдағы республикалық референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Сапар мемлекет өкілдері мен «Шин-Лайн» компаниясының еңбек ұжымы арасындағы ашық әрі конструктивті диалог аясында өтті.